ҚАЖ қызметкерлері «Үздік жасақ бастығын» анықтады

100

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде №25, 26, 58, 59 мекемелерінің тәрбие бөлімінің қызметкерлері өзара сайысқа түсіп, «Үздік жасақ бастығын» анықтады.

Байқау барысында жасақ бастықтары өздерінің қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын білуі және практикада шебер қолдануы, алғашқы медициналық көмек көрсету, қызметтік құжаттаманы жүргізу және ақпараттық технологиялар саласында дағдылары болуы, қызметтік міндеттерді сауатты жоспарлауы және орындауы, қызметтік уақытты ұтымды, тиімді пайдалануы бойынша жұмыстарын көрсетіп, таныстырды. Сонымен қатар жасақ бастықтары өздерінің бір күндік жұмысы туралы дайындаған бейнероликте жазасын өтеушілерге таңертеңгі тексерістен бастап, кешкі ұйқыға жатқанға дейінгі күн тәртібіне сәйкес атқаратын іс-шараларын және жасақ бастығының құжаттамаларын қазылар алқасына көрсетіп, медициналық және кәсіби даярлыққа қатысты сұрақтарға жауап берді. Осылайша, өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы ер екендерін дәлелдеуге тырысқан жасақ тәрбиелеушілері байқаудың барлық кезеңінде де өздерінің үздік жасақ бастығы екендерін дәлелдеуге тырысты.

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың кәсіби шеберлігіне, сауаттылығына, шешім қабылдау және жауаптардың дұрыстығына, сондай-ақ тапсырманы орындаушылық шеберлігіне көңіл бөлді.

«Үздік жасақ бастығы» байқауының мақсаты – жасақ бастықтарының бірлігін нығайтып, беделін арттыру және моральдық-психологиялық ахуалды жақсарта отырып, қызметтік тиімділігін ынталандыру, сонымен қатар сотталғандармен тәрбие жұмысының сапасын арттырып, жалпы кәсіби өзегін нығайту», – дейді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы тобының бас маманы, әділет подполковниги Айгүл Танашева.

№58 мекемесінің тәрбие бөлімі атынан жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты А.Қали белсенді қатысып, жүлделі орынға ие болды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.