«Казцинк» Көкшетаудағы мектептің құрылысын қаржыландырады

89

Солдан оңға қарай: «Altyntau Kokshetau» АҚ-ның бас директоры Игорь Когай, Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, «Казцинк» ЖШС-ның бас директоры Александр Хмелев.

Оныншы мектеп қазір 1963 жылы салынған, 103 оқушыға арналған ғимаратта орналасқан. Алайда мекемеге 300-ден астам бала барады. Толы сыныптарда балалар екі ауысыммен оқуға мәжбүр. Бір қабатты ғимаратта акт залы, жабдықталған физика және информатика кабинеттері жоқ.

Оқушылар отыз орындық буфетте тамақтандырылады. Асхана нормаларға сай емес, сондықтан мұнда дайын тағамдар әкелінеді. Сондай-ақ осы ауданда тұратын 600-ге жуық бала өзге шалғай мектептерге барып білім алуға мәжбүр.

Бұл мәселенің жалғыз шешімі — жаңа ғимарат салу. Ол үшін қажетті қолдауды «Казцинк» компаниясы көрсетеді. Кен-металлургия кәсіпорнының негізгі активтерінің бірі – облыс орталығына жақын орналасқан «Алтынтау Көкшетау» алтын өндіру бөлімшесі. Көкшетау қаласының әкімдігі мен компания басшылығы білім беру объектісін салу аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

“Біз өндірістік алаңшаларымыз орналасқан әрбір елді мекеннің өміріне атсалысуға тырысамыз.Білім саласы біздің әлеуметтік жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл меморандум – маңызды мәселелерді шешу және аса қажетті жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдармен табысты ынтымақтастықтығымыздың тағы бір көрсеткіші. Жаңа мектептің салынуы балалардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы серпінді қадам болатынына сенімдімін”, – деді «Казцинк» ЖШС-ның бас директоры Александр ХМЕЛЕВ.

Мектептің ескі ғимаратын бұзу жоспарлануда. Оның орнына ауданда тұратын барлық балалар сыятын заманауи әрі кең ғимарат салынады. Ғимаратта асхана, медициналық кабинет, акт залы, пән кабинеттері және басқа да қажетті жайлар болады. Ескі мектепті бұзу шығынын әкімдік, ал жаңа мектепті салу шығынын «Казцинк» компаниясы төлейді.

Жарнамақұқығында

https://sp.stan.kz/freedom-broker-1

Leave A Reply

Your email address will not be published.