Саят Медеуов: «Негізгі мамандығым — аспап жасайтын шебер»  

72

©instagram.com/sayat_medeuov_888

“Алматыға 1988 жылы оқуға келдім. №14 кәсіптік-техникалық училищеде қазақтың ұлттық аспаптарын жасайтын мамандықта оқыдым. Ол кезд баламыз. “Жас шебер” деген оркестр болды. Сол оркестрде ән айттым, күй тарттым. Онымен ел араладық, фестивальдерге барып, жеңімпаз атандық. Сол кезден бастап осы қаладамын. Негізгі мамандығым — аспап жасайтын шебер. Шебердің оқуын оқыдым. Өйткені әкем өте шебер кісі болатын. Қолымен ер шабады, ағаштан да, темірден де арба жасайды. Бір сөзбен айтқанда ұста болатын. Ауылдағы әр үйде әкемнің жұмысы бар шығар. Біреуге пышақ, біреуге шана, арба жасап берген”, – дейді Саят Медеуов.

Әншінің айтуынша, өнерге де қабілеті де әкесінен дарыған.

“Әкем баян тартатын. Өте мықты баянист болды. Былайша айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы адам еді. Зілтемір көтеретін, батыл, ештеңеден қорықпайтын, тайсалмайтын адам болатын. Ұрғанда да соққысы қатты тиетін еді. Маған тимейтін. Бала күнімде ауылдағы адамдарды ұрағанын көргенмін. Бойы аласа болса да көбі әкемнен жасқанатын. Ол кісінің тәрбиесін алдық, бірақ әкемдей еңбекқор бола алмадық”, – дейді өнер иесі.

Бұған дейін Саят Медеуов жол апатына түскенде, өзінің қайтыс болғаны туралы хабарды жұбайынана естігенін айтқан болатын. 

https://stan.kz/sayat-medeuov-negizgi-mamandigim—aspap-zhasaytin-sheb-390125/

Leave A Reply

Your email address will not be published.