Қазақтың батыр қыздары

89
БЕРЛИН ТҮБІНДЕ ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАН БАЯН
Баян Байғожина 1923 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол 18 жасында өз еркімен қан майданға аттанып, қыздардан құралған көпірді күзету бөлімшесіне жіберіледі. Бұлар тұрған көпірді басып алу үшін жасалған жау шабуылында, бір өзі 9 немістің көзін құртады. Осы ерлігінен кейін Шыңғыстау қызы «Қызыл Жұлдыз», «Даңқ» ордендерімен марапатталады.
Баян Байғожина Беларусь, Литва, Польша жерін азат етуге қатысқан. Гинденбург іргесіндегі қатты ұрыста снаряд жарықшағы бетіне кірген Баян жарақатына қарамай, сол жерде қалып, он бес немісті атып өлтірген. Қаршадай қазақ қызының бұл ерліктері майдан даласын аралап, оның аты көпке таныла бастайды. Алайда, ол Ұлы Жеңіске бар болғаны 12 күн қалғанда, 24 сәуір күні ерлікпен қаза табады. Баянның денесі Гинденберг қаласында жер қойнына тапсырылған.
Қазақ қыздарының ерлігі ел жадынан шықпайды!…………..
Желіден алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.