Қазақстанның қанша азаматы халықаралық іздеуде жүр?

33

Биыл Қазақстанның 52 азаматын шетелден экстрадациялады.

Қазақстанның қанша азаматы халықаралық іздеуде жүр?

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімет берді.

«Биыл 52 адамды экстрадацияладық. Бұл негізінен жалпы қылмыстық істер – алаяқтық, ұрлық. Аса ауыр қылмыстар да бар. Бізде бұл жұмыстар жақсы жолға қойылған. Көбіне жақын шетелдегі азаматтар экстрадацияланады. Бұл ТМД елдері. Алыс шет елдер де бар», — деді ол.

Оның айтуынша қазір 1,5 мың адам халықаралық іздеуде жүр.

«Біз олардың бәрін фамилиясына дейін білеміз. Қазір біздің Интерпол арқылы жұмыс жүріп жатыр. Біз олардың жүрген жерін анықтауға тырысамыз, сосын экстрадациялау шаралары қабылданады», — деді.

сурет: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/251232-kazakstannyn-kansha-azamaty-khalykaralyk-izdeude-zhur

Leave A Reply

Your email address will not be published.