«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қордай ауылындағы «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінде экологиялық кездесу өтті

42

 

Елімізде экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы кең көлемде өткізіліп келеді. Осы акция аясында Қордай ауылындағы «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінде арнайы кездесу өтті.

 

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті тәрбиелеу, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.

Кездесу барысында колледж студенттері табиғатты қорғау шаралары туралы мағлұмат алды. Эколог мамандар мен жергілікті қоғамдастық өкілдері табиғатты қорғаудағы өзекті мәселелерді атап, қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес жолдарын талқылады. Жергілікті әкімдік өкілдері мен оқытушылар да сөз сөйлеп, экологиялық ахуалды жақсарту бағытында жеке іс-әрекеттің маңызды екенін атап өтті

Іс-шара соңында студенттер мен ұстаздар колледж аумағы мен көше бойына тазалық жұмыстарын жүргізді. Олар аула мен айналасындағы аумақты қоқыстан тазартып, жасыл желек күтіміне ерекше мән берді.

Бұл шара қоршаған ортаны қорғау жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл бастама студенттер арасында экологиялық сананы дамытуға және оларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулуға үлкен үлес қосуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.