Қазақстан Түркияға ет жеткізуді жоспарлап отыр

93

Қазақстан Түркияға ет жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, былтыр Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 285 миллион доллар болған.

favicon
instagram.com
Перейти на сайт

«Экспорттың негізгі тауарлары — дәнді және бұршақты дақылдар. Ал Түркиядан әкелінетін негізгі импорт — көкөністер, жемістер, жаңғақтар және басқа да дақылдар», — деді Кенжеханұлы Сенат дәлізінде.

Оның айтуынша, Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отыр.

«Қазір ет пен ет өнімдерін экспорттау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Түркияның ветеринарлық қызметімен тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз. Сондай-ақ, Түркияға ет және ет өнімдерін экспорттауға ниетті кәсіпорындарды келісу процесі жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін ет бағасы туралы хабарланды.

Ж. Қадыржанова

Фото: depositphotos.com

https://massaget.kz/news/kazakstan-turkiyaga-et-jetkzud-josparlap-otyir-125469/?fbclid=IwY2xjawIj42hleHRuA2FlbQIxMQABHY1u4sAOqnAzsrsyWAwx5Mbzx8nOe_fWMoY8lssHcZxld4irKBrJhLlY6A_aem_v7lj65okS1ewyNW-oDw-kA

Leave A Reply

Your email address will not be published.