Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу бекеті жабылды

127

Қостанай облысында су тасқынына байланысты «Желқуар» автомобильдік өткізу пункті жұмысын уақытша тоқтатты деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік «Мариинский» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды», – делінген хабарламада.

«Желқуар» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.

«Көлік құралдарының жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады», – делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/218376-kazakstan-men-resey-shekarasyndagy-otkizu-beketi-zhabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.