Ақтөбе облысында шетелдік ерлі-зайыпты жол апатынан қаза тапты

147

Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік отбасы қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz полицияға сілтеме жасап.

29 наурыз күні «Ақтөбе-Астрахан» автожолының 252-шақырымында көлік апаты болды.

Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, Datsun автомобилімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және оның 49 жастағы әйелі оқиға орнында көз жұмды.

Олар Ресей Федерациясының азаматтары болатын.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құрметті жүргізушілер, жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз»,- деп ескертті Байғанин ауданы полиция бөлімінің бастығы Берік Айсин.

https://turkystan.kz/article/218373-aktobe-oblysynda-sheteldik-erli-zayypty-zhol-apatynan-kaza-tapty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.