Қазақстан құрамасының боксшысы бірінші рет кәсіпқой рингте айқасады

51

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Бұл туралы боксшының менеджері Жанпейіс Назарғали Meta-ratings.kz порталына берген сұхбатында айтты.

«23 ақпан Ақтауда Нұрқанат Райыстың кәсіпқой рингтегі алғашқы айқасы өтеді. Бұл алты раундты жекпе-жек болады. Қарсылас кім болатынын кейінірек ресми түрде жариялаймыз.

Нұрқанат толықтай кәсіпқойға өтеді деуге әлі ерте. Ол әуесқойда өнер көрсетуін жалғастыратын шығар», — дейді менеджер.

Нұрқанат 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері және 75 келіде Қазақстан біріншілігінің вице-чемпионы.

фото:©СДР

https://www.facebook.com/groups/132142054303251

Leave A Reply

Your email address will not be published.