Қайырымдылық турнирі өтті

167

Ағымдағы жылдың 9 шілде күні Отбасы күніне орай Жамбыл ауданы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Отбасы –Отан тірегі» атты футболдан қайырымдылық турнирі болып өтті.

Қайырымдылық акцияның мақсаты жастар арасындағы салауатты өмір салын қалыптастыру, жастарды мейірімділікке тәрбиелеу, қайырымдылық іс-шараларына белсене ат салысуға шақыру.

Іс-шара барысында Өрнек ауылдық округінің Өрнек ауылында аз қамтылған отбасыға 1 айлық көп мөлшерде әлеуметтік сый қалта табысталды. Демеушілік еткен командалар мешіт жамағаты, ФОК қызметкерлері,  ЖРО қызметкерлері және ерікті жастар. Турнир соңында қатысушы командалар ұйымдастырушы тарапқа өз ұсыныстарын айтып, аталмыш турнирді ауданға қарасты ауылдық округтерде тұрақты өткізілуін сұранды. Турнир жалғасы ендігі кезекте Ақбастау ауылында жалғасатын болады. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Бұл игі бастама өзгелерге де үлгі болады деген ойдамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.