Қайрат Әділгерей тағы да желіні жарды (Видео)

413

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей желіде өзінің тойда құлап қалған видеосын жариялап, елді күлкіге қарық қылды.

Қайрат Әділгерей аталмыш бейнежазбамен Instagram парақшасында бөлісті. Өнер иесі жас жұбайлардың алдынан секіріп өтпек болып, ақ матаға тайып, құлап түскен.

Алайда ол еш саспастан, орнынан тез тұрып, той басқаруын жалғастырып кеткен.

Видео желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Қалың көпшілік түрлі пікір білдіруде. Кейбір оқырмандар оның денсаулығына алаңдап, оған жылы лебізін білдірген.

«Қайреке, не істесеңіз де жарасып тұр», «Қатырасыз, күлкілі жағдай болыпты», «Кез келген жағдайдан әзілмен шығып кетесіз», «Тойдың қызықты өтуіне үлкен үлесіңізді қосыпсыз», «Мына той жастардың есінде мәңгіге қалатын болды», «Тоқтамай күлдім, әрдайым көңілді көтересіз», » Байқаңызшы, абайлау керек қой», — деп жазуда халық.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kairat Dombayev (@kairat_adilgerey) 

 

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.