Қасқабұлақта аудандық фестиваль өтті

355

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Jas Otan» ЖҚ-ның, «Жұлдыз» аула клубының бірлесіп ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 7 қазан күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай, Қасқабұлақ ауылдық округінде мекеме жастары арасында «Жастар-ұлттар бірлігінің ұйытқысы» атты аудандық фестиваль өткізілді. Аудандық фестивальдің басты мақсаты-жастар бойында ұлтаралық татулық, достық қатынас, және өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту болып табылады. Алғашқы сөзді ауыл ақсақалы Халилов Рашит, Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы И.Юсупов  және Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры, «Jas Otan» ЖҚ-ның төрағасы Н.Манатбеков жастар бойындағы ұлттық достықты қалыптастыруды мақсат етіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өзбек, Үнді, Сыған, Күрд, Түрік және Қазақ ұлттарының ұлттық киімдерін киінген 8 команданың жастары, «Сәлемдесу», «Салт-дәстүр», «Ұлттық өнер» кезеңдерінен өзара мықты мен өнерлілерді анықтады. Әділ қазылардың шешімімен Балалар өнер мектебінің командасы I-орын, Балалар мен жасөспірімдер орталығының командасы II-орын, Лицей мен Қасқабұлақ ауылының командасы III-орынды иеленді. Фестивальге қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.