Кәсіби мереке жалғасын тапты

657

 

Қыркүйек айының бірінші жексенбісі еліміздегі Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің мерекесі болып есептеледі. Біздің аймақта да бұл мейрам бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде аталып өтілуде.  Айталық, биылғы жылы бұл шара спорттық спартакиада ойындарымен бастау алды. Бұл туралы «08info» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұнай – газ  қызметкерлері тек өз саласына ғана емес, аймақтағы спорт түрлерінің дамуына да үлестерін қосып келеді. Әсіресе, ұлттық спорт түрлерінен бәсте биік, бәсекеде жоғары. Бұған дәлел, мереке қарсаңында  сала ардагерлерінен бастап, қызмет етушілердің бүлдіршіндеріне дейін спартакиадаға қатысуында. Бұдан бөлек, іс-шара қарсаңында өңірлердегі газ құбыр жүйесінің жұмыстары айтылып, шалғай жатқан елді мекендер жақын арада газбен қамтылатыны жайында да қуанышты хабарлар құлаққа жағымды естілді. Ал аудан орталықтарынан келген жұмысшы қауым өкілдері тыныс – тіршіліктерімен  бөлісті. Жыл бойындағы олардың еңбектері де еленбей қалмады. Арнайы құрмет грамоталары табысталып, бағалы сыйлықтар  берілді.  Мұндай мерекелі іс-шаралар мамандардың корпоративтік рухын нығайтпақ.

taraztv.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.