«Сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары кезінде ақшаға, жылжымайтын және жылжымалы мүлікке бұғау салынды. Жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асады. Соның ішінде жеке меншік үйлер, пәтерлер, жер учаскелері, көлік құралдары, бизнес орталықтар және тағы басқа мүліктер бар», — деді Әділов онлайн брифингте.
«Қаржы пирамидаларының бір ерекшелігі сол, басшылары көп жағдайда шетелде жүреді және шетел азаматы болады. Осыған байланысты біз халықаралық арналар арқылы күдіктілерді анықтап, халықтың ақшасына қандай активтер сатып алғанын және қай жерде есепшот ашқанын тексердік», — деп атап өтті Әділов.
«Алаяқтар заңды микроқаржы ұйымдарының атын жамылып алдайды. Кейде өздерін букмекерлік кеңсе, тұтынушылық кооператив, жабық инвестициялық қор деп таныстырып жатады. Әлеуметтік желіде белсенді жарнама жасап, онлайн табыс немесе жоғары пайдасы бар жобаларды ұсынады. Танымал мессенджерлерде чаттар ашып, сан алуан ұтыстармен, сауалнамалармен және тағы басқа маркетингтік айла-амалдармен халықты көптеп тартады», — дейді Әділов.