«Бұл менің беделіме нұқсан келтіреді»: Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеме жасады

430

Facebook пен Instagram-да Иманғали Тасмағамбетовтің атынан ашылған фейк парақшаларды көруге болады. Алайда оның жеке басының бұл аккаунттарға қатысы жоқ, – деп хабарлады stopfake.kz.

Мысалы, Instagram-дағы осындай аккаунттардың бірі tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан астам адам жазылған, екіншісі – imaangali_tasmagambetov – жазылушылар саны мыңнан асады. Facebookте де оның атынан парақшалар ашылған.

Иманғали Тасмағамбетов Stopfake.kz-ке бұл аккаунттарға қатысы жоғын айтты. Айтуынша, әлеуметтік желілерде парақшалары жоқ.

«Құрметті достар!
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұранамын.
Құрметпен, Иманғали Тасмағамбетов», – деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.