Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, 2 адам зардап шекті

206

Мәлімет бойынша, өрт салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылған.

Ведомствоға сағат 17:53 шамасында Гүлдер-1 ықшамаудандағы 9 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 8-қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртенген. Өрт ауданы 6 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 18:26-да сөндірілгені белгілі болды.

Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолданып 10 адамды құтқарды, оның 3-і балалар, 12 адамды эвакуациялады, оның екеуі – балалар. Өртенген пәтердің екі тұрғыны қосымша тексеру үшін ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.

Өрт орнына жеке құрамның 30 адамы мен 8 жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды.

Тоқаевқа Қайрат Сатыбалдыұлының ісіне қатысты тың дерек айтылды

21 жыл бұрын жасалған қылмыс әшкере болды: ер адамның денесі құдықтан табылды

 

https://turkystan.kz/article/240461-ara-andyda-k-p-abatty-y-rtenip-2-adam-zardap-shekti

Leave A Reply

Your email address will not be published.