Қарағанды облысы аумағында әскери жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

100

Қарағанды облысының аумағында жоспарлы оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде Су-30СМ әскери жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі таратқан ресми мәліметке сүйенсек, әуе кемесінің экипажы апат кезінде катапульта жасап үлгерген. Ұшқыштардың өмірі мен денсаулығына келетін қауіп жоқ, олар қазіргі таңда медициналық мекемеде мамандардың бақылауында жатыр.

Ұшақ құлаған аумақ толықтай оқшауланып, күзетке алынды. Ведомство өкілдері болған оқиғаның жергілікті тұрғындарға немесе аймақтағы инфрақұрылым нысандарына ешқандай қатер төндірмейтінін ресми түрде мәлімдеді.

Авиациялық оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын тексеру мақсатында Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Тергеу тобын Ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы басқарады.

 Alash.kz.

фото: gov.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.