Қан тобыңыз сіз туралы көп нәрседен хабар береді

83

Қан тобыңа қарап, адамның мінез-құлқын анықтауға болатынын біліп пе едіңіз? Жалпы адамдарда 4 түрлі қан тобы кездеседі. Олар: I, II, III және IV. Қан тобыңыз бойынша өзіңіз туралы қызықты деректерді біле аласыз.

Статистикаға сүйенсек, әлемде ең көп кездесетін қан тобы – I топ. Ол – 40%

ІІ топ – 32%

ІІІ топ – 22%

Ең сирек кездесетіні – IV топ – 6 %.

I топ

I қан тобындағылар көпшіл және талапшыл келеді. Алға қойған мақсаттарына оңай жетеді. Бұл адамдардың интуициясы өте жақсы дамыған, бойларында көшбасшылық қасиет бар. Сенімді, бірақ кейде қатыгез болуы мүмкін.

II топ

II қан тобының өкілдері өзгелерге қарағанда сезімтал келеді. Сондықтан кей жағдайларда стреске төтеп бере алмай, күйзеліске ұшырауы ықтимал. Жан-жағындағы адамдарға әрдайым күдікпен қарайды. Десе де ортаға тез кіріп, ойын анық жеткізе біледі. Бұл қан тобының иегерлері команда да болсын, жалғыз болсын кез келген жұмысты атқара алады.

III топ

III қан тобына жататын адамдар шығармашылыққа жақын келеді. Креативті идея иегерлері. Бұл жандар эмоционалды болады. Сырт көзге өзімшіл болып көрінгендерімен, жақындары үшін жанын беретін адамдар.

IV топ

IV қан тобына жататын адамдар жан-жақты болып келеді. Ақ көңіл, үлкеннің де, кішінің де көңілін табатын қасиетке ие. Әрқашан диалогқа ашық. Сенімге кіре біледі. Бұл адамдар басқа үш қан тобының ең жағымды жақтарын бойларына жинаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.