«Қамқоршылар күні» мерекесіне орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Қуаныш Бахытұлымен бірге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуде ат салысқан қамқоршы және қорғаншы ата-аналарды қабылдады.
Кездесуде ата-аналарға құттықтау тілектер айтып, аудан әкімінің Алғыс хатын табыстап, сый-сыяпат табыс етті.
Өз кезегінде қамқоршыларда алғыстарын білдіріп, әрбір баланың болашағына зор жауапкершілікпен қарайтындықтарын жеткізді.