«AMANAT» партиясы Байзақ аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісінің демеушілігімен шағын футбол алаңы пайдалануға берілді

104

Республика күніне орай Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округіне қарасты Аймантөбе елді мекенінде «AMANAT» партиясы Байзақ аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы жетекшісі Асылбек Жантаевтың демеушілігімен шағын футбол алаңы ашылды.

Салтанатты шарада Диқан ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімбек Ойықбаев ауыл спортын дамыту мақсатында ел игілігіне берілген спорт алаңы – ауыл халқының бірлігі мен ынтымағын көрсетіп отырғанын, осы ауылдан даңқты спортшылар шығатындығына сенімін жеткізді. Ал, «Қосы батыр» қоғамдық қорының алқа мүшесі Құрал Ақбаев жеке кәсіпкер Асылбек Жантаевтың ауыл жастарының игілігіне ұсынып отырған заманауи үлгідегі спорт алаңшасын пайдалануға бергеніне алғысын білдірді.

Айта кетейік, спорт алаңшасының лентасын аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов, ауыл қариясы Сайдәзім Жананов қиды. Ақ жаулықты әжелер шашу шашқан соң футбол алаңшасындағы ең бірінші футбол ойыны да басталып кетті. Ауыл жастары мен мектеп оқушыларынан жасақталған командалар арасындағы ойын тартысты өтіп, жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тағайындаған Кубок, медальдар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.