«Қамқорлық көрсеткені үшін 1 миллион теңге»: Шымкентте басқарма басшысы не себепті ұсталғаны белгілі болды

79

Қала бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқарма басшысын жемқорлық фактісі бойынша әшкереледі.

“Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі”, – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеевтің ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Сәкен Шәкеев 1989 жылы 26 қазанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі бойынша Құқық саласындағы бакалавр және магистр дәрежесін алған.

https://stan.kz/kamkorlik-korsetkeni-ushin-1-million-tenge-shimkentte-b-389600/

Leave A Reply

Your email address will not be published.