«Сахнада ес жоғалттым»: Әнші Медеу Арынбаев сырқатына қатысты сырымен бөлісті

65

©instagram.com/medeu_arynbaev

“Жанкүйерлерім, өнерімі бағалайтын тыңдарманы денсаулығыма алаңдап, хабарласып тұрады. Құдайға шүкір, ол кезең артта қалды. Осыдан 4 жыл бұрын үлкен ота жасаттым. Одан кейін қалыпқа келуге 1 жыл уақыт кетті. Сахнаға шығуға ұмтылмадым. Осыдан 10-15 жыл бұрын сахнада ән айтып тұрып, ес жоғалтып, сіресіп қалып, қан көтеріліп кеткен. Сол кезде не болғанын әлі күнге дейін түсінбеймін. Өнер көрсетіп тұрып басқа ойға шомып, ән жайында қалды. Бұл жағдай Алматыда үлкен сахнада болды. Сахнадан шеттетіліп қалуыма соның да әсері болса керек деп ойлап, көңілім алып қалғаным бар. “Медеу Арынбаев қауіпті” деп ойлаған болар. Сахнадан шеттетіліп қалған кездер болмады емес, болды”, – дейді Медеу Арынбаев.

Сондай-ақ әнші келін түсіруге дайын екенін  айтты.

“Ұлым ер жетті, қызым бой жетті. Дәулеттің оқу бітіргеніне 2 жыл болды, қазір ізденіс үстінде жүр. Жұмыс қарастырып жатыр. “Жұмыс тауып, орналас” деп асықтырып жатқан мен жоқпын. Үйленуге рұқсатымды беріп қойдым, мен дайынмын. Алла қаласа, келесі жылы деп отыр. Солай-ақ болсыншы”, – дейді әнші.https://stan.kz/sahnada-es-zhogalttim-anshi-medeu-arinbaev-sirkatina-ka-389602/

Leave A Reply

Your email address will not be published.