Қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

270

Кеше табиғаттың тосын мінез танытып, қаладағы көптеген нысандарға зақым келген болатын. Қазіргі таңда осы нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға кәсіпкерлер де қолдау білдіріп, еріктілер жұмылдырылған.

Барлық коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелер шаһар ішін ретке келтіру үшін аянбай еңбек етуде. Бұған 56 техника мен 1300-ден аса қызметкер тартылғанын баса айта кеткен жөн. Кешегі дүлей дауыл салдарынан қалада 200-ден аса тал құлап, 224 тонна қоқыс шығарылған.
Біз де осы орайда тұрғындарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қала аумағын, жеке аулалар мен көшелерді тазартуға өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.