ҚАЖ қызметкерлері Ғазиз Байтасовты еске алды

186

12 қараша күні Жамбыл облыстық ІІД Жол патрульдік полициясы жеке батальонының бірінші взводының командирі болған полиция капитаны, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза болғанына 10 жыл толды. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің жеке құрамы бейбіт елдің батыры, «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алды.

Шара барысында мекеме кадр саясаты бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты А. Жүнісова жас қызметкерлермен Ғ.Байтасовтың өмір жолы, атқарған қызметі, ерлігі туралы құнды деректермен бөлісіп, қызметкерлердің патриоттық сезімін арттырып, антына адал болуға, қызметтік міндеттін абыроймен атқаруға шақырды.

– Әділеттік жолында күресіп, елі үшін тер төгуді парызым деп білген полиция капитаны Ғазиз Байтасов, полиция сержанттары Полат Аянқұлов пен Жақсыбек Байсейітов секілді батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың ерлігі қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін сақтау жолында жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне әрқашан үлгі-өнеге болып қалады, – деді А. Жүнісова.

Одан соң қызметкерлерге Ғазиз Байтасовтың қандықол қылмыскерді ұстау кезіндегі ерен ерлігі туралы бейнеролик көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.