Қаланы дамытудың 3 жылдық жоспарында да бұл мәселе айқын көрініс тапқан.

51
Соңғы екі жылдың бедерінде Тараз қаласында жолдарды жөндеуге ерекше екпін түсірілуде. Қаланы дамытудың 3 жылдық жоспарында да бұл мәселе айқын көрініс тапқан.
Биыл қалада жол жөндеу жұмыстары ерте басталды. Дәл қазір Саңырық батыр көшесінде қайта жаңғырту жұмыстары екпін алып, асфальт жабындысының бірінші бөлігі төселуде.
Ұзындығы 2,8 шақырымды құрайтын көшенің құрылысы 2024 жылға өтпелі. Былтыр құрылыс-монтаж жұмыстары Ы.Дүкенұлы көшесінен бастап Жазылбек Қуанышбаев көшесіне дейін жүргізілсе, биыл Ж.Қуанышбаев көшесінен бастап Тәуке хан көшесіне дейін жөндеуден өтуде.
«Арайстроймаркет-2003» ЖШС мердігерлігімен қолға алынып жатқан құрылыс жұмыстары басында оннан аса техника мен 50-ге жуық адам еңбек етуде. Жобаның техникалық қадағалаушысы – «Құрылыста экспертиза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты мамандардың айтуынша, мұндағы жаңғырту жұмыстары маусым айында аяқталады деп жоспарлануда.

Тараз қаласының әкімдігі 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.