Қала әкімінің қаламгерге құрметі

397
«Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған» көрнекті ақын Күләш Ахметованы білмейтін қазақ кемде-кем. Оның сырға толы нәзік өлеңдерін бүгінде барша қазақ жатқа айтады десек, қателеспейміз. Ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан қаламгер бүгін 77 жасқа толды. Осыған орай қала әкімі Бақытжан Орынбеков ақынның шаңырағына арнайы барып, туған күнімен құттықтады.
– Сізге еліктеген талай жас дарын қалам ұстап, әдебиеттің ауылына ат басын бұрды. Бүгінде Күләш Ахметова деген есімді естіген әрбір адамның ойына мөлдір поэзия қатар оралады. Өйткені бұл екеуі егіз ұғымға айналып кеткен. Сіздің Жамбыл облысында тұрып жатқан Мемлекеттік сыйлықтың иегері екендігіңіз де көпшілікке мәлім. Бұдан да басқа марапаттарыңыз жетерлік. Бұл шынайы дарыныңызға берілген лайықты әрі әділ баға. Өзіңізді дүниеге есігін ашқан айрықша күнмен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін, – деген шаһар басшысы қаламгерге сый-сияпаттарын тарту етті.
Өз кезегінде Күләш Ахметова да қала әкіміне ризашылығын жеткізіп, ізгі лебізін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.