«Күйеу жігітке қамшы өргізсін»: Тойда қалыңдықтың бауырсақ пісірген видеосы қызу талқыға түсті

65

Фото: Видеодан скриншот

Бүгінде әртүрлі көрініс көрсету тойдағы трендке айналған.

Үйлену тойында жаңа түскен келін қалыңдық көйлегімен тойхана ортасында бауырсақ пісірді. Жастар ата-аналарына әдетте тәтті тортан ауыз тиюге беретін. Ерекше тойда қалыңдық бауырсақты дүйім жұрттың көзінше пісіріп екі жақтың ата-анасына ұсынған. Жаңа бастаманы желі қолданушылары түрліше қабылдаған.

“Жаңа түскен келін ата-енесіне бауырсақ пісіріп беретін болады. Жаным, келген жеріңе майдай жақ”, – деп батасын береді той тізгіндеген әйел.

«Жолаяқ той»: Блогер Камила Әділхан отбасымен шетелге түбегейлі қоныс аударды

«Қара орамалың қорқынышты»: Айнұр Тұрсынбаеваның тойдағы образы сынға қалды

Желі қолданушылары той иелерінің ойлап тапқан трендтеріне наразы болып түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі «дұрыс,ерекше, әдемі»десе екіншілері «той үстінде май сасытып пісіртпей-ақ қойған дұрыс» деген ойды алдыға тартты.

“Ішек-қарын тазалатсын енді”, “Бояушы бояушы дегенге артық кетіпті”, “Ешқандай да салт-дәстүрімізді көріп тұрғаным жоқ”, “Күйеу жігітке қамшы өргізсін”, “Көйлегі бүлінетін болды”, – деп негатив пікір жазып жатыр көпшілік.

Еске салайық, желіде ер адамды бесікке жатқызған видео көпшіліктің ашуын туғызған еді.

https://stan.kz/kuyeu-zhigitke-kamshi-orgizsin-toyda-kalindiktin-bauirsak-pisirgen-videosi-kizu-talkiga-tusti-400077/

Leave A Reply

Your email address will not be published.