Күн тәртібіне облыстағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясы туралы мәселе шығарылды

114

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Жиында облыстағы мемлекеттік тілдің бизнес пен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданылу аясы қаралды.

Айта кетерлігі, облыста қазіргі тілдік ахуал қазақ тілінде сөйлейтіндердің басымдығымен сипатталады. Мәселен, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі – 93,6%-ды құрайды. Дейтұрғанмен бұл көрсеткіш облыс тұрғындарының еркін жазып, сөйлей алатын деңгейге жеткенін білдірмейді. Соңғы халық санағының қорытындысы бойынша тұрғындардың 74% мемлекеттік тілді толық меңгерген. Іс жүзінде қазір этнос өкілдерінің өзара сөйлесу тілі – орыс тілі. Өзге этностар арасындағы қазақ тілін меңгеру деңгейі – 77% құрап отыр.

Бүгінгі таңда балабақшаларда мемлекеттік тілде тәрбиеленушілердің саны 90,1%-ға жеткен. Облыстағы таза қазақ тіліндегі мектептер саны артып, 327-ге жетсе, орыс тілінде білім беретін мектеп саны 15-тен 4-ке азайған.

Кеңес отырысында өңірдегі тіл оқыту орталықтарынддағы бірқатар олқылықтар айтылып, жөнге келтіру туралы ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар атауларының бейберекетсіз жазылатыны да күн тәртібіне шығарылып, басқарма басшысына ұсыныстар жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.