«Ұлттық дәстүрді жаңғырту»

96
«Ұлттық дәстүрді жаңғырту» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ұлттық мерекені дәріптеу іс-шарасы «Төрткөл» керуен сарайында
19 наурыз күні, сағат 11:00-де өтеді.
«Ер қаруы – бес қару» атты ұлттық ойындар фестивалі Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде
20 наурыз күні, сағат 11:00-де өтеді.
Көкпар ойынынан қалалық ашық турнир «Шөлдала» алқабында
20 наурыз күні, сағат 11:00-де басталады.
«Наурызнама» атты жастар арасында ұлттық ойындардан сайыс Қ.Рысқұлбеков саябағында өтеді.
20 наурыз күні, сағат 15:00-де басталады.
«Наурыз тойы береке» мерекелік іс-шаралар (қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық салт-дәстүрден көрініс, концерттік бағдарлама, бұқаралық спорттық іс-шаралар, белсенді қатысушыларды марапаттау) қаланың 11 аумақтық округтерінде наурыздың 20-22 күндері ұйымдастырылады.
«Ар ма, әз Наурыз» көпшілік мәдени іс-шара (киіз үйлер қалашығында қолөнер, тұрмыстық, ұлттық салт-дәстүрден көрініс, «Ұлы көш» шеруі, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінен фотоаймақ, ұлттық спорттық ойындар, алтыбақан, ұлттық тағамдардан сауда-саттық, театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама) Орталық алаңда
21 наурыз күні, сағат 11:00-де басталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.