Атап айтсақ, «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС-ның директоры Асхат Құндызбаев гипс пен цемент негізіндегі құрғақ қоспаларға құрылыс индустриясының жоғары сұранысын алға тартып, осы бағыттағы жобасын кеңейту бойынша ұсынысын ортаға салды.
Ал, «Bilimland» жобасының жетекшісі Мұхтар Тимур білім саласындағы қағаз бастылықты азайту мақсатында цифрлы форматқа негізделген платформасын таныстырды.
Сондай-ақ, «Минералды-органикалық тыңайтқыштар өндірісі» жобасының жетекшісі Микаель Хабибовтың инвестициялық жобасы Байзақ ауданында минералды-органикалық тыңайтқыштар өндірісін құруға негізделген.
Басқосу барысында өзге де мәселелер қаралды.
Облыс әкімі «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС-ның жобасын кеңейтуге қатысты ұсынысын қолдап, жергілікті билік тарапынан қажетті қолдаулар көрсетілетінін атап өтті. Басқа да инвесторлардың ұсыныстары назарға алынатынын жеткізген аймақ басшысы жобалардың тиімділігі мен жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.