Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Ой дода»интеллектуалды ойынын өткізді.
«Ой дода» интеллектуалды ойыны облыстық «Қоғамдық келісім» ғимаратында ұймдастырылды. Ойынға Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қалаларынан барлығы 14 топ қатысты.
Ойынның мақсатын жастарды интернет тәуелділігінен арылту, кітап оқуға баулы және олардың интеллектуалды санасын дамыту болып табылады. Ұйымдастырушылар ойынның сұарақтарын әр түрлі саладан алынған сұрақтармен қызықтыра түсті.
Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды — «Жамбыл жастары» тобы (Жамбыл ауданы), 2 орынды – «Ұлы сегіздік» тобы (Тараз қаласы), 3 орынды – «Эрудит» тобы (Түркістан облысы) жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.