Инфрақұрылыммен қамту қарқынды жүруде

129

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңір тұрғындарын сапалы инфраққұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жайына тоқталды.

Жамбыл облысында елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге аса назар бөлінуде. Бүгінге 302 ауылдық елді мекенде тұратын 652 мың тұрғын сумен қамтылған. Ағымдағы жылы 13,6 млрд теңгеге 54 жоба қолға алынып, жыл соңына дейін 47 нысандағы жұмыс мәресіне жетпек. Нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 94,8 пайыздан 96,5 пайызға дейін ұлғаймақ.

Ал табиғи газбен 274 елді мекен немесе 1 099 мың адам қамтылған. 36 елді мекенде 11,8 млрд теңгеге 16 жобаны іске асыру көзделіп, жыл соңына дейін 11 елді мекенде 9 мың адам газға қосылмақ.

Аймақтағы автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерінің желісі 10 мың шақырымды құрайды. Оның ішіндегі 1 193 шақырым жергілікті мәндегі автожолдар мен 1 132 шақырым болатын елді мекендердің көшелері орташа жөндеуді талап етеді. Үстіміздегі жылы жоспарланған 809,5 шақырым жолдың 787 шақырымы жөндеуден өткен.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.