Басымдық – білім саласында

70

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Басқосу барысында Ербол Шырақпайұлы өңірдегі білім беру саласының ахуалына тоқталды.

– Облыста 1 134 білім беру мекемесі қызмет көрсетуде. Оқудың қолайлы жағдайын жасау және білім беру сапасын арттыру үшін ағымдағы жылы жаңа 28 білім беру нысанының құрылысы басталып, 3 мектеп пайдалануға берілді. Үстіміздегі жылдың соңына дейін тағы 10 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Ал 2024 жылдың соңына дейін тағы 15 білім беру нысаны іске қосылады, оның 7 мектебі«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында.

14 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін тағы 3 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кабинеттер жаңа талаптарға сәйкес жаңартылуда. Бүгінге жаңару пайызы 75 пайызды құрады, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.