Ернұр Мадияров жаңа қызметке тағайындалды

431

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №264-ө/жқ өкімімен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Мадияров Ернұр Берікұлы тағайындалды.

Мадияров Ернұр Берікұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2014 жылы Шымкент қаласының Аймақтық әлеуметтік — инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Тараз қаласы, Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары болып бастаған.
2012-2013 жылы «Нұр Отан» ХДП Тараз қалалық филиалының жастар саясаты жөніндегі консультанты.
2013 жылдың 7 ақпаны мен 8 мамыр аралығында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Тараз қаласының жастар орталығының аға кеңесшісі.
2013-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар ресурстық орталығының жастар ұйымдары мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі.
2014 жылдың 8 ақпаны мен 11 тамыз аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
2014-2015 жылдары Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының директоры.
2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты.
2016 жылдың 1 маусымнан бастап 23 желтоқсан аралығында Тараз қаласындағы «Sana» оқыту орталығын директорының орынбасары.
2017 жылдың 6 сәуіріне дейін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты.
2017 жылдың 6 сәуірі мен 15 қараша аралығында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
2017-2020 жылдары Тараз қаласындағы «Sana» оқыту орталығы директорының орынбасары — заң қызметінің басшысы.
2020 жылдың 26 ақпаны мен 9 желтоқсаны аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.