Ерікті донорлар қан тапсырды

152

1 маусым  «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай облыстық қан орталығында «Өмір сыйла» атты акция өткізілді.

«Өмір сыйла» деген атпен өткен бұл акцияға «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен қатар көптеген еріктілер қатысып, қан тапсырды.

Донор болу – біреудің өміріне мүмкіндік беру болып саналады. Өйткені, қан адам денсаулығының өте маңызды элементі екені мәлім.

Соңғы жылдары елімізде кішкентай бүлдіршіндер арасында гемофилия, лейкоз және басқа да аурулардың кең тарап бара жатқаны жасырын емес. Ал, оларды емдеп-жазу үшін донорлардың көмегі аса қажет. Сондықтан, бұл жолы өткізілген дәстүрлі акция балғындардың өмірін ажалдан арашалап қалуға арналды.

Шараны ұйымдастырушы Таутен Айбек:

«Балалар күніне орай ұйымдастырылған игі шара нәтижесі талай адамның жанына араша болары сөзсіз. Біз осындай игілікті істі жиі ұйымдастырып келеміз» деді. Былтырғы жылы ұйымдастырылған шарада еріктілер саны көп болғандығын да атап өтті.

Облыстық «Қан орталығы» мамандары игі бастамасы үшін орталық қызметкерлері мен еріктілерге алғысын білдірді. Іс-шараға 50-ге жуық адам қатысып өзінің қолдауларын білдірді. Есесіне қан орталығы қызметкерлері акцияға келген ерікті жастармен, қала тұрғындарына және мекеме қызметкерлеріне, естелік сыйлықтар табыс етті.

Қан орталығыны қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі таңда әлемде қан донорлығы проблемасының өзекті шешімі тегін қан тапсыру болып табылады. Тегін донорлықтың артықшылықтары:

— Қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігі, өйткені донорлар сыйақы үшін емес, өз денсаулығының жай-күйі туралы шынайы ақпарат бергісі келеді.

— Тұрақты донорлар үнемі медициналық тексерулерден өтеді және олардың қаны барлық мұқтаж адамдарға көмектесетініне сенімді.

— Ерікті және өтеусіз донорлықты көптеген діни конфессиялар мақұлдайды.

— Тегін қан тапсыру адамдарға өздерінің адами қасиеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

— Тегін донор болу – бұл құрмет пен ризашылық. Қайырымды жанқиярлық сезімі бар, кез келген уақытта басқа адамның өмірін тегін құтқаруға дайын адам донор бола алады.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысында донорлық қан дайындау тек жалғыз ұйымда жүзеге асырылады — бұл Облыстық қан орталығы. 2020 жылы 11 453 донордан қан дайындалды, көрсетілген саннан тек 406 адам ғана өз қанын ақылы негізде тапсырды, ал қалғандары өтеусіз донорлар болды, бұл барлық донорлардың 96 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш еліміздің өңірлері арасында ең үздіктердің бірі болып табылады. Быйылғы жылы да осы сынды акциялар өткізу арқылы өтеусіз донырлардың қатары көбейту жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.