Ердоған Израильді жазықсыз балалар мен әйелдерді өлтіруді дереу тоқтатуға шақырды

173

Эрдоған

«Қатені түзетудің және  ақылмен әрекет етудің орнына, Израиль әкімшілігі аймақтан алыстағы субъектілерді арандататын ұйым ретінде әрекет етіп жатыр», — деді Түркия басшысы.

Ердоған Газа секторына шабуылдардың көбеюі жағдайды ушықтырып, өлім мен көз жастан басқа ештеңе әкелмейтінін атап өтті.

«Балаларды, әйелдерді және бейбіт тұрғындарды өлтіру, ауруханаларды, мектептерді, мешіттер мен шіркеулерді жару арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес екені анық», — деп жазды Ердоған.

Түркия президеньң  барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды Газада атысты тоқтату режимін тезірек белгілеу жөніндегі бастамаларды қолдауға шақырды.

«Мен Израиль үкіметін бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдарды одан әрі көбейтпеуге және халықты жоюға бағытталған әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырамын», — деді Ердоған

«Біздің аймақ мұсылмандардың, яһудилердің, христиандардың және осы жерлерде тұратындардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін жаңа механизмдерді құра отырып,  тұрақтылыққа жетеді деп сенеміз. Түркия қантөгістің, гуманитарлық трагедиялардың алдын алуға және Палестинадағы қақтығысты шешуге өз үлесін қосуды жалғастырады», — деп атап өтті Ердоған.

Айта кетейік, Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 7 қазаннан бастап Израиль армиясының Палестина эксклавына жасаған соққыларының салдарынан кем дегенде 4137 адам қаза тапты, оның ішінде 1524 бала мен 1000 әйел бар. 13 мыңға жуық тұрғын жарақат алды, 1000-нан астам адам қираған үйлер мен нысандардың үйінділерінің астында қалды. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф Аль-Кудраның айтуынша, атыс салдарынан Газадағы жеті аурухана жұмысын толығымен тоқтатты.https://stan.kz/erdogan-izraildi-zhaziksiz-balalar-men-ayelderdi-oltiru-390014/

Leave A Reply

Your email address will not be published.