Астанадағы LRT құрылыс алаңында бұрғылау қондырғысы көліктің үстіне құлады

52

Төтенше жағдай Сығанақ көшесінде болған. City Transportation Systems баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрғылау қондырғысы Hyundai көлігінің корпусына түскен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Сығанақ көшесінде қада орнату бойынша бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде қондырғы оң жақ шынжыр табанымен асфальттың бос жеріне құлады.Hyundai көлігі рұқсат етілмеген жерге қойылған. Салонда жолаушылар да, жүргізуші де болмаған. Аудан қоршалған.Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.https://stan.kz/astanada-byrgilau-kondirgisi-koliktin-ustine-kyladi-lrt-390015/

Leave A Reply

Your email address will not be published.