«Еңбек ширатады, өмір үйретеді»

43

Қоғамға пайдалы еңбек сотталғандардың жаман қылықтарын жойып, жеке қасиеттерін қалыптастыруға көмегін тигізеді. Сондықтан сотталған азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету қашанда маңызды мәселелердің бірі болуда.

Еңбек пен бейнет адам баласының бойына жақсы қасиеттер баулитыны әлде қашан дәлелденген.

Жұмыспен қамтамасыз етілген сотталғандар жұмыссыз жүрген сотталғандарға қарағанда түзелу жолына ертерек түсетіндері байқалады.

Мекеме әкімшілігі сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында барлық мүмкіндіктерді қарастырып, төлем ақы және мамандық алатын мүмкіндіктер туғызып, соттың үкімі бойынша талабы бар сотталған азаматқа қарыздарын өтеуге жақсы жағдай ұйымдастыруда.

Бүгінгі күнде ҚР ІІМ «№58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесі аумағында барлығы 241 сотталған азамат ақылы жұмыстармен қамтамасыз етілуде. Оның ішінде РМК «Еңбек-Тараз» кәсіпорнында 23 сотталған, шаруашылық қызметінде 50 сотталған және 10 жеке кәсіпкерлікте 168 сотталған жұмыс істейді.

Басым көпшілігі мекеме аумағынан жұмыс орындарын ашып, 168 сотталғанды ақылы жұмыстармен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкерлер. Басты бағыттары ағаш пен темір бұйымдарын жасау. Жеке кәсіпкерлерді тарту жұмыстары 2016 жылдан бері бастау алып, бұл жұмыс ары қарай жалғасуда.

А. Әуен,
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру
бөлімшесінің инспекторы,
әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.