Елордада футбол алаңынан ер адамның мәйіті табылды

1 881

Нұр-Сұлтан қаласындағы футбол алаңдарының бірінен 38 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«26 шілде күні сағат 10.11-де «102» арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», – делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.