30 қарашаға арналған ауа райы болжамы
гидромет» 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
30 қараша мен 1 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде көктайғақ болады деп күтіледі.
Астанада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Алматы облысының шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында да тұман болады.
Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.
Ақтөбе облысының батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғады, түнде Жарма ауданындағы екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Атырау облысының шығысында тұман болады.
фото: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/252664-elimizdin-15-onirinde-aua-raiyna-bailanysty-dauyldy-eskertu-zhariialandy