Елімізде маска режимі қайта енгізіледі

371

Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Алматы, NEGE. 2024 жылғы 8 ақпанда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу және профилактикалық шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды.

Қазақстан халқы арасында инфекциялық аурулардың (қызылша, коронавирус, тұмау және басқа да респираторлық вирустық аурулар) таралуының алдын алу мақсатында медициналық мекемелерде персонал мен емделушілерге маска режимін енгізуді қаулы етемін. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына, аумақтық департамент басшыларына осы шараларды қолға алуды тапсырамын, — делінген құжатта.

Сонымен қатар құжатқа сәйкес адам көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда әуежайда, теміржол вокзалдарында, сапаржайларда, базарларда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде маска тағу ұсынылады.

Бұдан бөлек қоғамдық көліктерде, ұшақтарда, пойыздарда да маска режимі енгізіледі.

Осы қаулының іске асырылуын өзім қадағалаймын. Ол қабылданғаннан күннен бастап әрекет етеді, — деді Есмағамбетова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.