WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

99

Бұдан былай хабарламаны ашпай тұрып, сізге келген адамның нөмірін бұғаттауға болады.

Алматы, NEGE. – Сөйлескіңіз келмеген адамды бұғаттау оңай бола түсті. Ендігіде, оны хабарламаны оқымай тұрып, бұғаттау экранынан немесе чаттар тізімінде бірден жасауға болады, – делінген хабарламада.

Бұған дейін WhatsApp мессенджері жаңа мүмкіндікті – хабарламаларды күні бойынша іздеу мүмкіндігін қосуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді. Күнтізбе түймесі чаттардағы іздеу жолағында пайда болады. Бұл сол күні жарияланған хабарларды іздеу үшін белгілі бір күнді таңдауды жеңілдетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.