Елімізде үй сатып алушылар саны көбейген
2018 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,5%-ға артты. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті.
Ведомство мәліметінше, 2018 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 23 840 құрады және өткен аймен салыстырғанда 6,6 пайызға артты.