Елдегі 415 жанармай құю бекетінде дизель отыны жоқ

88

 Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үйлестіру орталығының отырысында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен, оның ішінде дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды деп хабаралады turkystan.kz.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазіргі уақытта республикада 309 мың тонна дизель отынының жиынтық қоры бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар сәуір айында тағы 441 мың тонна отын өндірілмек. Осылайша, осы айда дизельдің жалпы көлемі шамамен 750 мың тонна, ал болжам бойынша тұтыну көлемі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ҚТЖ қажеттіліктерін қоса есептегенде, шамамен 510 мың тоннаны құрайды.

Елдегі 415 жанармай құю бекетінде дизель отыны жоқ

Министрдің мәліметінше, 7 сәуірдегі жағдай бойынша 415 жанармай құю станциясында дизель отыны болмаған, бұл – еліміздегі 3 163 нысанның 13%-ы. Энергетика министрлігі тапшылықты тез арада жою үшін жанармай құю станцияларын қосымша отынмен қамтамасыз ету мақсатында өңірлер әкімдіктерінен өтінімдер жинады.

Сондай-ақ мемлекет өңдеу кәсіпорындарында өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдап жатыр. Атап айтқанда, Шымкент МӨЗ-ін жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталып, мұнай өнімдерін жөнелту басталып кетті. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен отын тапшылығы бар өңірлердегі жанармай құю бекеттеріне басымдық беріледі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, соңғы күндері болып жатқан тапшылық жанармай құю станциялары иелерінің баға айырмашылығының қысқаруын күтіп, мұнай базаларындағы отын қорын жасырып қалуына байланысты болып отыр. Осылайша, жеке мұнай базаларында елде бар дизель отыны көлемінің 73%-ы жинақталған.

https://turkystan.kz/article/219353-eldegi-415-zhanarmay-kuyu-beketinde-dizel-otyny-zhok/

Leave A Reply

Your email address will not be published.