Екі апта бұрын жоғалған оқушы аман табылды

691

Қостанайда 20 қазан күні үйінен шығып кеткен оқушы Александр Рябухин дін-аман табылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қостанайлық полицейлер 2006 жылы туған мектеп оқушысы Александр Рябухинге іздеу салған болатын.

Оқушыны іздестіруге облыстық Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

«Айта кету керек, кәмелеттік жасқа толмаған бала бұған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалған. Александр Рябухинді Полиция департаментінің Солтүстік бөлімшесінің қызметкерлері патрульдеу кезінде тапты»,- делінген баспасөз хабарламасында. Қазіргі уақытта мектеп оқушысы үйіне жеткізілді.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.