ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

86
Күз мезгілінің берекелі болуы шаруалар үшін үлкен қуаныш. Жаз бойы тоқтаусыз еңбек еткен дихандар егін жинау науқанын аяқтауға жақын.
Биыл ауданда егіс көлемі 24508 гектарды құрады. Бұл дәнді дақылдар, майлы дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары.
Бүгінгі таңда, жиын-терін жұмыстары аяқталуға жақын. Дәндік жүгері алқабының 80 пайызы жиналды. Басқа ауыл шаруашылығы дақылдары толық жиналып, 2828 тонна күздік бидай, 2418 тонна жаздық арпа, 3613 тонна мақсары дақылы қамбаға құйылды.
Егін егіп, өнім алуды игерген аудан шаруалары 810 тонна картоп, 4400 тонна көкөніс, 6440 тонна бақша дақылдарын жинап алды.
Қазіргі таңда дәндік жүгері алқабының 950 гектарға жуығы жиналып, 6650 тонна өнім алынды. Енді 300 гектар алқап жиналуы тиіс. Жүгері қайыру жұмыстары қазан айының ортасына дейін жалғасатын болады.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.