Ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 375 теңгеге сатылып жатыр. Kurs.kz мәліметінше, долларды 370-373 теңге аралығында сатып алып жатыр, ал сату құны — 375,1-375,5 теңге. Айта кеткен жөн, 3 қыркүйекте күндізгі сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 369 теңгеге жуықтады.. Еске сала кетейік, мұның алдында күндізгі сессияда ұлттық валюта бағамының долларына 372 теңгеге жуықтағаны хабарланған еді.