ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНА ӨТІНІМ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ

245
Биыл Үкімет тарапынан көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облысқа 15,5 мың тонна дизель отыны бөлінсе, оның 14,7 мың тоннасы жеткізіліп, белгіленген 14 оператор арқылы шаруаларға 204-214 теңге аралығында таратылды.
Бүгінгі күнге дейін дизель отынына қажеттілік шаруалардан қағаз жүзінде жиналса, ағымдағы жылғы егін жинау жұмыстары үшін жанар-жағармайға қажеттілік туралы өтінім шаруалар тарапынан электронды түрде берілетін болады.
Себебі, Gosagro.kz жүйесінде арзандатылған отынды бөлу функционалы пайда болды. Ол субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларымен интеграциялануының арқасында жүзеге асырылды.
Аталған шаралар шаруалар үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығына сәйкес дизель отынының көлемін қалыптастыру және бөлу процестері регламенттелген.
Сондықтан ендігі жерде диқандар Бұйрықтың 2-қосымшасының 4-тармағына сәйкес ағымдағы егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті дизель отыны бойынша өтінімдерін 2023 жылдың 20 мамырына дейін берулері керек.
Ал, келер жылдың көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отыны бойынша өтінім ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны мен 20 желтоқсаны аралығында қабылданады.
Өтінім https://gosagro.kz/arm/login сілтемесі арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдана отырып беріледі.
Видео нұсқаулық: https://youtu.be/K9v7OQxf1Lg

Leave A Reply

Your email address will not be published.