Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РММ-25 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторлары әділет капитаны Ж.Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетовтің ұйымдастыруымен дін өкілімен кездесу өтті. Кездесуде Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасы Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторлары: С.Құлтаев, И.Мурзахметов «Қазақстандағы діни ахуал» тақырыбында мекемедегі жазасын өтеушілерге түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сабақ барысында діни алауыздықтың шығу себептері және радикалды діни көзқарастың сыр-сипатын анық айтып өтті.